Құрметті «Сарыарқа» ауданының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу мәселелерін түсіндіру жөнінде ақпараттық-консультациялық қызмет көрсететін республикалық  call-орталық өз жұмысын бастады. Тел.: 8–8000–8000–12 (қоңырал шалу тегін).

Құрметті тұтынушы!

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен 2012 жылғы 1 қазаннан «Астанаэнергосбыт» ЖШС тұтынушылары үшін жылу энергиясымен жабдықтауға 2 216,48 тенге/Гкал (ҚҚС-мен) мөлшерінде орташа бағамдалған тариф бекітілді.