«Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының құрылымы

«Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіпте лауазымға сайланатын немесе тағайындалатын аудан әкімі басқарады. Аудан әкімі болмаған жағдайда оны аудан әкімі жүктеген міндеттерді орындайтын орынбасаларының бірі алмастырады. Аудан әкімінің орынбасарларын Аппарат басшысы лауазымдарына «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша аудан әкімі тағайындайды және қызметтерінен босатады.

Басшының аты-жөні

  Міндеті

Қабылдау мерзімі

1

Турлубек Арман Алашұлы

«Сарыарқа» ауданының әкімі

Қабылдау бөлімі

55-64-91

 

2

 

 

«Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары

 

3

Рахманберді Талғат Абайұлы

 

«Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары

Жұма 16.00-18.00 сағ.

55-64-95

4

Тұрдыбеков Ришат Уәлиханұлы

«Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары

Сәрсенбі 15.00-17.00 сағ.

55-64-97

5

Жақыбаев Ержан Ғалымұлы

«Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының басшысы

 

Сейсенбі 16.00-18.00 сағ.

Аудан әкіміне жүктелген қызметтерді орындау үшін аппарат құрамында басшылары бар бөлімдер ұйымдастырылады.

Қаржы-шаруашылық бөлімі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық, есептердің қаржылық органдарға тапсырылуын қамтамасыз етеді, бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыс сметасының орындалуын бақылау және құру, бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын құру. Ауданның бюджеттік құралдарын уақытылы, мақсатты және тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік сатып алуды басқа да тәсілдермен жүзеге асырады (бір көзден, баға ұсынысы сұранымын пайдалану арқылы жеткізушіні таңдау, ашық тауар биржалары арқылы). Мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүзеге асырады. Қаржы органдарына мемлекеттік сатып алу бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептерді ұсынады. Мемлекеттік сатып алуға қатысты сот процестеріне қатысады.

Бөлім басшысы  Гүлмира Қуандыққызы Шерьязданова.

Персоналды басқару қызметі аудан әкімі аппаратының персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру. Аудан әкімі аппаратының кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау. Аудан әкімі аппаратының кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуд іұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оныңішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Аудан әкімі аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратында кәсіби кадрдамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы  қамтамасыз ету.

Бөлімбасшысы –  

Ұйымдастыру-бақылау бөлімі мемлекеттік органдармен басқа да ұйымдар басшыларымен және аппарат бөлімдермен өзара байланысу. Аппарат қызметкерлерінің жұмыс регламентін ұстануына бақылау жасау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, қала және аудан әкімінің өкімдерімен тапсырмаларының  орындалуына бақылау жасау. Аудан әкімінің атқарушы және өкілетті органдар билігімен ақпараттық қарым-қатынасын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатымен Мәжілісіне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауларын дайындау және өткізу. Шұғыл кеңестер, есептік  кездесулер және дөңгелек үстелдерге дайындықты бөлім мамандарымен бірлесіп жүзеге асыру.

Бөлім басшысы – Қорлан Теміртасқызы Әбдірахманова.

Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі бұқаралық ақпарат құралдармен, қоғамдық-саяси партиялармен, діни және үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени орталықтармен байланыс орнатады. Қоғамдық келісім, тілдерді дамыту, демография мен көші-қон саласындағы кешенді іс-шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыратын аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және олардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді. Ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастырады. Ауданда спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастырады. Өзінің құқығы шеңберінде ауданның денсаулық сақтау, білім беру, еңбекті және әлеуметтік сақтау қарым-қатынас жасайды.

 Бөлім басшысы Галихан Ихсанұлы Куканбеков.

Кәсіперлік бөлімі өзінің құқығы шеңберінде сауда және қызмет көрсету, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен ауданның халқына сапалы қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Бизнес нысандары орналасуы жөнінде деректерін сараптау және жинақтау бойынша жұмыстар жүргізу.

Бөлімбасшысы – Диана Кадырханқызы Кадырхан.

Абаттандыру бөлімі – «Астана қаласын абаттандыру, санитарлық тазалау, абаттандыру Ережесінің», «қала аумағында қалалық шаруашылық элементтерінің, гүлзарлардың, жаяужолдардың, жол төсеніштерінің және басқа да нысандардың бөлінуіне байланысты жұмыс өндірісі Тәртібінің» сақталуын қадағалайды. ҚТҚ  мен қоқысшығару, тазалау, қысмезгілінде қаршығару жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын бақылайды.

Бөлімбасшысы – Бахтияр Шәбденұлы Топаев.

Өндірістік-техникалық бөлім аудан аумағын ағымдағы тазалаудың келешек және ағымдағы жоспарын даярлайды, техникалық-экономикалық негіздемелер мен есептерді әзірлеуге, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, аудандағы тазалау жұмыстарына конкурстық мәлімдемелер дайындауға қатысады, бірқатар ұйымдардың жұмыстарына бақылау жүргізеді.

Бөлімбасшысы – Эльдар Сәбитұлы Сабитов.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі энергетика, коммуникация, коммуналдық шаруашылық қызметтерімен, тұрғын үй инспекциясымен өзараіс-қимыл жасасады, өкілетті қызметтермен бірлесіп, тұрғын үй бөлмелерінің пайдалануға берілуін, инженерлік коммуникациялар мен желілерді, тұрғын үй қорының ұсталуы мен жөнделуін бақылауды жүзеге асырады, ПИК, БИК, ӨК-мен тұрғын үй қорына қызметету мәселесі бойынша байланыс орнатады.

Бөлімбасшысы – Андрей Александрович Марченко.

Инфрақұрылым бөлімі қалалық энергетика, сәулет-құрылысбақылау, жерқатынастары, көлік, байланыс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдай қызметтерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, құрылыс ұйымдарымен және өзге де аудан инфрақұрылымының қожайын субъектілерімен өзара қызмет атқарады. Су мен отын, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануда өкілетті қызметтерге көмектеседі.

Бөлімбасшысы – Мақсат Пірәліұлы Тасболтат. 

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді: Қазақстан Республикасы аумағындатууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастырады.

Бөлім басшысы – Шайкенова Бахытгүл Тәукелқызы

Сметалық нормалар және мемлекеттік сатып алу бөлімі орындалған жұмыстардың актілерін тексерудң, жобалы сметалық жұмыстарды, сметалық құжатнамаларды жасау және тексеруді, есептер жүргізуді. Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын дайындау және бекітуге бақылау жасайды. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады.Мемлекеттік сатып алу тауарлары, жұмыстары және қызметтері бойынша аукциондар, конкурстар өткізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу тауарлары, жұмыстары және қызметтері бойынша есептер қалыптастыру және оларды өкілетті органдарға ұсынады. Өткізілген аукциондар және конкурстар құжаттарының безендендірілуін бақылайды. Бөлім басшысы – Жанайдарұлы Адият

 

 «Өндіріс» тұрғын алабы бойынша «Сарыарқа» ауданы әкімінің бас инспекторы – Самат Мұхамедғалиұлы Топатаев.

«Көктал» тұрғын алабы бойынша «Сарыарқа» ауданы әкімінің бас инспекторы – Әділхан Назымбекұлы Жолдасбаев.