«Сарыарқа» ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2012 жылдағы жоспар туралы есептік ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2005 жылдан бастап барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында жыл сайын есептік кездесу өткізеді. Былтыр  аудан ауқымында өткен негізгі іс-шаралар туралы ақпаратты ұсынудың алдында назарларыңызға өткен жылдың негізгі оқиғаларына  қысқаша тоқталып өтейік.

Өткен жылдың ең  маңызды оқиғасы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесі болып табылады. Тәуелсіздік күні – барша қазақстандықтар үшін ең қастерлі күн. Жасампаз жиырма жыл жарқын оқиғаларға, жан-жақты іс-шараларға, батыл шешімдерге және үлкен өзгерістерге толы болды.

Жылдың өзге  оқиғаларынан  Астанада және Алматыда  өткізілген VІІ қысқы Азия ойындарын атап айтқан жөн. Қазақстанға ойындарда өздерін көрсететін Азияның 19 елінен 559 спортшылары және 2350 арнайы тұлғалар келген болатын.

Сондай-ақ, еліміздің тарихындағы басты саяси оқиға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болып табылады. Осы сайлауда мінсіз жеңіске қазіргі  Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев  жетті.

Сонымен қатар, жақында 15 қаңтарда Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді. Аталған сайлауда  сөзсіз «Нұр Отан» ХДП сенімді  нәтижелерімен, үлкен айырмашылықпен жеңіске жеткен болатын. Яғни бұл Елбасымыздың бағдарламасы, жүргізген салиқалы саясаты халықтың қолдауына ие болғанын білдіреді. Біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет көппартиялы Парламент сайланғанын атап айтқым келеді. Қазақстан халқы тағы да  демократиялық жаңарту бағытына қадам жасады. Ендігі кезекте тәуелсіздігіміз одан әрі тұғырланып, экономикамыздың дамуы және халқымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін бізге «Қазақстан-2020» бағдарламасын орындау қажет. Бұл жариялығы, ашықтығы, таза өтуі жөнінен теңдессіз сайлау болды. Қазақстан күллі әлем алдында біздің алға, демократиялық мемлекет бағытына қарқынды қадам басқанымызды тағы да көрсетті. Осы жеңіс тек «НұрОтан» партиясының ғана емес, ал барша халқымыздың жеңісі. Біздің азаматтарымыз тұрақтылық, тыныштық, толеранттылық, көпұлтты халқымыздың достығы үшін дауыс берді. Жаңаөзендегі орын алған оқиға да  бізді одан әрі біріктірді. Бұл қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен олардың тұтастық пен тұрақтылықты сақтап қалу ниетін білдіреді.

Барлығыңыз да Астана қаласы Мемлекет Басшысының ең сүйікті жобасы, «перзенті» екендігін және ол ерекше ықыласымен дамып келе жатқандығын білесіздер. Міне, осы жылы да біздің қаламыз өзгеріп, сәулетті және әдемі болды. Жаңа ірі объектілер пайдалануға енгізілген, сондай-ақ, Оқушылар сарайы, «Хэйлибэри Астана» қазіргі заманғы мектебі, «Жас Ұлан» оқу кешені, елдің ең ірі  Медиа-орталығы, 500 орындық көпбейінді аурухана, жеңіл рельсті көлік (ЖРК) 1-ші кезек линиясының құрылысы басталған, көп тұрғын кешендерінің құрылысы аяқталған, сонымен қатар, ең бастысы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» Жасампаздық қақпасының ашылуы.  

Атап өтейін дегенім, біздің ауданымыз да қаламызбен бірге серпінді өркендегені.

Ең басында, тұрақты белсенді ізденісте болғандықтан, біздің ірі қаламыздың дамуының ұзақ мерзімді басымдықтары мен жедел мәселелерін шешуге мәжбүрміз. Алдымызға аудан және жалпы қала дамуының келесі негізгі бағыт-бағдарлар қоямыз: халықтың тұруына қолайлы жағдай жасау, астаналық тұрғынның жаңа әлпетiн жасау, тұрғын алабтары инфрақұрылымының дамуы, тұрғындармен керi байланысты қала маслихаты депутаттарының белсендi жұмысы арқылы қолдау.

Атап көрсеткенде, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратының 2011 жылдың бюджеті  7 532 525  мың тенге құраған, 2010 жылмен салыстырғанда бұл азғана кем («Жол картасы» қаржыландыруға байланысты) - 7 801 907 мың тенге. Ал, 2012 жылға аудан бюджеті - 6 972 000 мың тенге.

Енді, тікелей аудан істеріне көшуге рұқсат етіңіздер.

Құрылыс.

Қазіргі уақытта ауданда 180 құрылыс нысаны бар, соның ішінде көпқұрылымдық тұрғын кешендер, коммерциялық нысандар және өндірістік базалар, әлеуметтік және білім нысандары кіреді.

2011 жылдың қортындысы бойынша «Сарыарқа» ауданында жалпы көлемі 240366,4 кв.м., 24 көпқабатты тұрғын үй нысандары, 2 орта мектеп және 240 орындық бала бақша пайдалануға берілді.

2012 жылы кәсіби - техникалық білім мекемелерінің жүйесін дамытуда 800 орындық кәсіби мектеп (құрылыс саласы бойынша) және 2013 жылы 800 орындық кәсіби мектеп (электрмен камту және байланыс саласы бойынша) пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2012 жылы № 6 мектеп-гимназиясының құрылысы мен № 19 мектепке 600 орындық жалғап салу  құрылысы жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, 3 бала бақшаның және № 4 «Рябинка» бала бақшасына жалғап салу құрылысы жүріп жатыр – пайдалануға беру мерзімі 2012 жылдың қыркүйек айында.

Биылғы жылы құрылыс компанияларның өз күшімен 10

тұрғын кешенді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде 2012

жылы Жамбыл, – 2-ші Алматы және Сейфуллин көшелерінің қиылысында амбулаторлық-емхана кешенінің құрылысы жоспарлануда (ауысымда 350 адамдық үлкендерге арналған емхана, ауысымда 150 адамдық балаларға арналған емхана).

Сондай-ақ, «Өндіріс» тұрғын алабында жеміс сақтау орны пайдалануға берілді.

Қарбышев және Көктерек көшелерінің қиылысында мешіт пайдалануға берілді және «Көктал» тұрғын алабында Сұлукөл көшесінде мешіттің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Тұрғын құрылысының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтып кетуге рұқсат етіңіздер.

2005-2007 жылдарда Мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылыс және тұрғын үйлерді пайдалану беру кестесіне сәйкес тұрғын үй құрылысын дамытуда қазіргі уақытта жалпы көлемі 320,6 мың кв.м. 4316 пәтер пайдалануға берілді.

2008-2010 жылдарда Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысын дамытуда жалпы көлемі 167,0 мың кв.м. 3850 пәтердің құрылысы аяқталды.

Аталған бағдарламаға қосылған қалған тұрғын нысандарының құрылысы белсенді атқарылуда, соның ішінде оңтүстік Тілендиев даңғылында 1596 пәтерлік тұрғын кешендер және «Көктал» тұрғын алабында  268 пәтерлік кешендер.

Тұрғын кешендердің пайдалануға беру құрылыс кестесі бойынша 2012 жылдың 1 маусымына белгіленген.

 Үлескерлік құрылыс саласында келесі жұмыстар атқарылды: «Бурлин» ТК құрылысы құрылыс компаниясының күшімен аяқталған, «Жеті Жол» тұрғын кешені проблемалық кешен болды және құрылысы «Азбука жилья» компаниясымен өз қаражат есебіне аяқтау жүктелген, «Момблан» тұрғын кешенін 2011-2014 жылдарда тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде аяқтау жоспарланып отыр. Аяқтау мерзімі 2012 жылдың маусым айында.

Мансард қабаттарына қатысты. Проблемалық нысандардың құрамына аудандағы келесі мекенжайлар бойынша орналасқан үйлер кіреді: Конституция көшесі № 26/1, Қарасай батыр көшесі № 24/2, Ш. Айманов көшесі № 20, Есенберлин көшесі № 5. Мансард қабаттарын демонтаждау жұмыстары жүргізіледі. Мансард қабаттарының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету «АҚҚБ Жаңа Құрылыс» ЖШС жүктелген.

«Сарыарқа» ауданының аумағында 137 апатты-ескірген тұрғын үй есепте, соның ішінде 5 тұрғын үй бұзылған. 2012 жылы 8 апатты тұрғын үйден адамдарды көшіру жоспарланып отыр.

Инфрақұрылымды дамыту саласында аудан саясатының ең негізгі факторларының бірі ішкі квартал аумақтарындағы жолдарды жөндеу және құрылысын жүргізу болып табылады.

Өткен жылдың ең негізгі жобаларының бірі болып Жеңіс даңғылынан Кенесары көшесінен темір жол вокзалына дейінгі жүргізілген қайта жөндеу жұмыстары. Осы жылы аумақты абаттандыру жұмыстары қарастырылған.  Сонымен аудан әкімдігімен бірінші қабаттардың қасбетін бірыңғай стильде болуы қарастырылған.

Аудан үшін қажетті жобалардың бірі ТЭЦ-3 құрылысы болып табылады. Екі кезегі қарастырылған, 1-ші кезегін жүзеге асыру 2010-2015 жылда, 2- кезегін 2014-2018 жылдарда жүзеге асыру қарастырылған.

Дамудың тағы бір бағытыттарының бірі ВЛ-220 шеңберінің құрылысы. Аталған жобалар подстанциялардағы электр қуаттарының тиімділігін, электр жарығын берудегі ақаулардың және тұрақты қуаттылықты қарастырады.

42 км ұзындықта «Астана қаласындағы жаңа көлік жүйесі» жобасы жүзеге асырылуда, соның ішінде 12 км жер асты, 30 км  эстекада бойынша. Құрылыстың басталу мерзімі 2012 жылдың мамыр айы, аяқталуы 2016 жылдың желтоқсан айы.

Аудан әкімінің аппараты ағымдағы жағдайлар бойынша бағдарламалардың  әкімшісі болып табылады.

2011 жылы аудан әкімі аппаратымен  6 мектептің, 49 тұрғын үйдің ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 34 тұрғын үйдің ауласына ШСФ орнатылып, 240 контейнерлермен, 465 қоқыс жәшіктері орнатылған, 68 контейнерлер алаңын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді, 56 қоқыс орындар жойылған, 7 бала бақшаға абаттандыру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 60 тұрғын үйдің қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілген, 2 шағын-футбол алаңы орнатылды.

Осымен қатар, ауданымызда орын алып отырған мәселелердің бірі контейнерлік алаңдарда толып қалатын ҚТҚ.  Ең басты себебі болып бағыттағы арнайы техникалардың болмауы. Әр күн сайын бір ауысымда 2-3 арнайы техникалар шығады, бұл ҚТҚ –ның бір бөлігінің (15-20% дейін) шығарылмай қалуына әкеп соқтырады.

Астана қаласы үздіксіз даму үстінде. Көптеген көшелердің пайда болуына орай, контейнерлермен контейнерлік алаңдардың жабдықтарын орнатуды қажет етеді.

Басты мәселердің бірі болып ауданымыздағы қаңғыбас жануарлардың санының көптігі, бұл халық арасында жұқпалы ауруларды туғызуы мүмкін. Жұқпалы ауруларды ескерту мақсатында көктемгі, жазғы және күзгі уақыттарда контейнерлер алаңдарын дезинфекциялауды жүргізу жоспарланады. Қаңғыбас жануарларды аулау бойынша кәсіпорындарды материалдық техникалық жабдықтау мәселелері шешілуде.

Абаттандыру ережелерін сақтауды қамтамасыз ете отырып, көктемгі және күзгі уақыттарда жалпы сенбілік және коммуналдық сенбіліктер өткізіледі. Бұған еңбек ұжымдары Министрлік, ведомствалар, ұлттық компаниялар, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және ауданымыздың тұрғындары қатысады. Жалпы қалалық экологиялық сенбілікке 80 мыңннан астам халық қатысып тұрады. Сонымен қатар, бұл шараға шағын және орта бизнес өкілдеріде белсінділік танытады.

Жалпы сенбілік барысында 193 дана техника жұмылдырылып, 800 тонна қоқыс қалалық полигонға шығарылды. Жалпы қалалық шараларда абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша 2011 жылы ауданымызда 2800 жуық ағаш және 744 ағаш бұтақтары отырғызылды, гүлдерді отырғызу 17 243 кв.м. көлемде жоспарланып 19 040 кв.м. отырғызылған. Көгалдарды отырғызу  5 500 кв.м. жоспарланып, 9 702 кв.м. көлемде отырғызылған.

3 жасыл желек, яғни Рысқұлов көшесінің бойында «Табиғатты аялау», «Сарыарқа» саябағында «Тасбақа», Футболшылар саябағында «Футбол добы» композициялары орнатылған.

Жеткен жетістіктерге шектеліп қана қалмай 2012 жылда қала сыртындағы тас жолдардың бойын көгалдандыруды жоспарлап отырмыз: бұл Тілендиев даңғылы, Алаш тас жолы, ішкі кварталдармен тұрғын алабтардағы саябақтар.

Жауын шашын сулар басуын ескерту мақсатында кварталдарды қардан тазалау және ауданымыздан жауын шашын суларын шығару бойынша іс шаралар жоспары жетілдірілді. Жауын шашын суларына қарсы іс шаралар шеңберінде мектептке дейінгі мекемелер, мектептер және медициналық мекемелердің ауласынан қарлармен мұздарды шығару тазалау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына өз ауласындағы қарларды көше бойына шығару ұсынылады.

Қоғамдық көліктердің өте ыңғайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық көліктер аялдамасын жабық түрін орнату мәселесі қарастырылуда.

2012 жылы бұл жұмыстардың барлығы толық көлемде атқарылатын болады.

Ауданымыздағы абаттандыру, эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында келесі жұмыстар жоспарлануда:

- 60 жаңа контейнерлік алаң орнату;

- 295 қоқыс жәшіктерін орнату;

-62 евроконтейнерлерін және 98 универсалдық контейнерлер орнату;

- 10 мектептің, 6 балабақшаның, 59 тұрғын үйдің алаңын абаттандыру;

- 3 балабақшаға күрделі жұмыс жүргізу;

- 50 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу;

- 4 600 ағаш, 811 бұтақтар отырғызу, 1000 кв.м. көгал, 19 623 кв.м. гүл отырғызу, 5 гүл композицияларын орнату жоспарланып отыр.

- Есіл жағалауын, Сарыарқа даңғылының бойындағы «Сиреневый» саябағын, Бейбітшілік және Есенберлин көшелерінің қиылысындағы «Атырау» саябағын жарықтандыру және электр жарығын үнемдейтін шамдарға ауыстыру жоспарланып отыр.

- декоративтік шамдар бағдарламасы бойынша 10 әкімшілік ғимараттарды жарықтандыру жоспарлануда. Ауданда қойылып отырған талаптардың бірі жалпы концепцияға сәйкес нысандардың бірыңғай декоративті жарықтардың болуы.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жолаушылар көлігі және автомбиль жолдары басқармасы» ММ ЖаңаЖол көшесін кеңейту мәселесі қарастырылуда.  Қоғамдық әжетханалардың санаулы болуына байланысты «Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бірлесіп стационарлық КТС және қоғамдық орындарда әжетханалар орнату мәселесі қарастырылуда.

Бұдан басқа, «Астана қаласы өндірістік және кәсіпорын басқармасы» ММ кәсіпорын нысандарында жер асты өту жолдарын ашу мәселесі қарастырылуда, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында.

Ауданның тұрғын-үй қорымен жұмыс жасау

Ауданда 137 қызмет көрсету ұйымдары бар (ПИК, ЖШС, ЖК) бұлар, 881 көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсетеді.

2011 жылдың бірінші тоқсанында қызмет көрсету ұйымдарының басшыларымен есеп жиналысы өткізілді. Жиын барысында жылдық жұмыс жоспар бекітілген. Бұл 2011-2012 жылдарда жылыту науқанына тұрғын қорын дайындау және жалпы тұрғын үй мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындардың мақсатты жарнағын қамтамасыз ету.

58 жер төлелердің инженерлік жүйелерінің ескіргендігі анықталып, ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылған (жылу құбырлары, кәріз жүргізу, ыстық және суық су құбырлары).

Бұның барлығы жөндеу жұмыстарын және барлық тұрғын қорына сапалы жылу берілуіне мүмкіндік берді. Жылыту науқанына дайындық кезінде біріншіден былтырғы жылы орын алған мәселелер ескерілді.

Өткен жылда көтерілген мәселе "Самал" шағын ауданындағы тұрғын үйлер орталық жылыту жүйесіне қосылды. "Коктал" тұрғын алабында  15 тұрғын үй, № 19 және № 40 ОМ, балалар үйі "Нысана"ЖШС және  "Жылу" МКК жүйесіне қосылды. 

"Коктал" және "Өндіріс" тұрғын алабтарында 31 көпқабатты үйлер пешпен жылытылады. Бұндай үйлердің тұрғындары үшін мемлекетпен көмірмен қамтамсыз ету компенсация қарастырылған. Компенсацияны алу үшін тұрғындарға «Астана қаласы әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамту басқармасы» ММ хабарласу керек. Мекен-жайы: Иманбаева көшесі, 16 үй.

Қауіпсіз қала бағдарламасы бойынша ПИК төрағаларымен бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлерде видео камералар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру аудандағы криминалдық жағдайларға, сонымен қатар, ауланың санитарлық жағдайына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда 23 ұйым және 41 көпқабатты тұрғын үй қамтамасыз етілген. Аталған бағытта 40 қызмет көрсету ұйымы тұрғындармен 61 көпқабатты тұрғын үйлерде видео камераларын орнату бойынша жұмыстар атқаруда.

Ауданда 156 газтасымалдау орнатқыштары орнатылған, бұл 482 үйді газбен қамтамасыз етеді. Бұл үйлерге "АстанаГазҚызмет" ЖШС қызмет көрсетеді, "Центргаз" ЖШС газбен толтырады. Жоспарлы және күрделі жұмыстар атқару кезінде ескі жүйелерге аса назар аударылады. Биылғы жылы қыс мезгілінде тұрғын үйлерде газ болмау мәселелері орын алды, бұл жағдай суықтың салдарынан ГТО газға толтыруда пропанның төмен болуына әкеп соқтырды. Қазіргі таңда бұл мәселе өз шешімін тапты. Алайда, қызмет көрсету ұйымдарының басшылары жағынан қызмет техникалары және газ жабдықтарын бақылаудың төмендігінде. Астана деңгейі астаналықтарға тапсырылған іске аса назар аудартады. Біз өз міндеттерімізді сапалы орындап, өз жұмысымыз үшін жауапкершілікпен қарауымыз керек.

«Әлеуметтік-Экономикалық модернизация – Қазақстанның дамуының бас векторы» атты өзінің  жылсайынғы Жолдауында   Елбасы –Н.Ә. Назарбаев еліміздің даму мүмкіндіктерін және болашағын атап өтті. Дамытудың ең басты бағыттарының бірі болып аймақтарды, соның ішінде Астана қаласының тұрғындарын Қарашағанақтан жылына қуаты 5 миллиард куб метр газ шығаратын зауытпен қамтамасыз ету.

Тұрғын кешендерді пайдалануға берумен қатар жылжымайтын сатылардың саны да өсуде.

Ауданда 12 жылжымайтын саты орнату ұйымдары қызмет атқарады. «Астаналифт» ЖШС мақсатты жарнақ есебіне қазіргі заманға сай ауданның әр кварталында орналасқан жылжымайтын сатылардың (348 дана) жұмысын автоматтандырылған диспетчерлік бақылау кешені және кәсіпорын қызметін кәртішкелік жүйемен төлеу (5 км дейін) енгізілген. Бұл жылжымайтын саты жөндеушілердің санын азайтып, төлемдердің дер кезінде жиналуын және жылжымайтын сатыны пайдалану сапасын жоғарылатады.

Ауданда пәтер иелері коперативтері мен құрылысшылардың жылжымайтын саты қызметіне деген өтемдері бойынша мониторинг енгізілді, жылдың басында өтем сомасы – 11 200 000 тенге, қазіргі уақытта 4 300 000 теңгені құрайды.

Қолданылып жатқан шаралар ескі жылжымайтын сатылар санын азайтып, техникалық жақсаруына әсерін тигізеді.

Аудан 265 км су құбыры жүйесі, үшінші деңгейдегі 3 сорап станциялары орналасқан (ССС 7, «Көктал», «Автоматика) 39 жоғарғы қабатты тұрғын үйлердің су құбыры станция сораптары. Ауыз судың сапасын жоғарылату мақсатында «Астана Су Арнасы» МКК күшімен 2 973 м ұзындықта 73 көп қабатты тұрғын үйлерге суық су беру жүйелерін ауыстыру, су құбыры құдықтарын тазалау жұмыстары жүргізілді.

«Астана қаласы Энергетиа және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ –мен жапон жобасы бойынша аудан бойынша       Д – 300-700 мм, ұзындығы 19,7 км су құбырын құрылысы жүргізу және  пайдалануға беру бағдарламасы жүзеге асырылған. Аталған жүйелерді пайдалануға беру ауданның және қаланың түгелдей үздіксіз сумен қамтиды.

«Астана Су Арнасы» МКК кәріз жүргізу қызметімен ауданда 152 км коллекторлар және кәріз жүргізу жолдарына қызмет көрсетіледі.

«2011-2020 жылдарда ҚР тұрғын - коммуналдық шаруашылықты модернизациялау» Бағдарламасы бойынша жұмыстар басталды. Бұл бағдарлама коммуналдық инфрақұрылымға модернизациялау жүргізу үшін шаралар қолдану және жетілдіру үшін арналған, тұрғын қатынастары моделінің өзектілігін, халыққа көрсетілетін тұрғын-коммуналдық қызметтердің сапасын жоғарылатады, сондай-ақ, термомодернизациялауды қоса отырып, кондоминиум нысандарының жалпы мүлкін жөндеуді қамтамасыз етуде қаржыландыруға мүмкіндік береді.

2011 жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде аудан бойынша екі көп қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар: Жеңіс даңғылы, 18/1 және 20 үй. Сондай-ақ, Потанин көшесі, 12/1 бойындағы жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды. Ағымдағы күрделі жұмыстар жүргізу барысында карубид материалын қолданумен шатырлар жөнделді. Тұрғын үй төбелерінен қоқыстар шығарылды. Плита жабындылары 60-80 мм керамзитпен жылыланды. Барлық инженерлік жүйелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген (жылыту, ЫСҚ, ССҚ, кәрі жүргізу жолдары, электрмен қамтамасыз ету), соның ішінде, жылу энергиясын үнемді пайдалануды жақсартатын есеп құралдарын орнату және жеке ғимаратқа жылыту бұрыштарын ауыстыру және өзгерту жүргізілді, сондай-ақ, тұрғындармен оны пайдалануға өтемдерді төлеуі. Жаңа пластикалық терезелер және темір қоршауларға ескі терезе блоктарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Жаңадан электр жарығын үнемдейтін жарық құралдары орнатылған. Кірешектерде жылыту жүйелері қалыпқа келтіріліп, кіреберістерде плиталар орнатылған.

Бұл үйлер бойынша күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін энергоаудит жүргізілді, энергоаудиттің қортындысы жылу энергиясының үнемдеуді 24 пайызды құрады.

Сондай-ақ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2010 жылдың жлтоқсаны 2011 жылдың желтоқсаны бойынша Жеңіс даңғылы, 18/1 бойындағы № 23 пәтер бойынша берілген түбіртектеріндегі есептерге мониторинг жүргізілді. 2010 жылдың желтоқсанында жылу энергиясына бір квадрат метрге 77,9 тенге, жалпы көлемі 58 кв.м. 4 159 тенге сомасын құрады. Тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін 2011 жылдың желтоқсанындағы берілген есеп кв.м. 58,8 тенгені құрады, сомасы 3 416 тенгені, яғни 2010 жыл аралығында бұл 1103 тенгеге (24 пайыз) азайды.

Қараша айында Ақбұғы көшесі, 5/1 бойындағы тұрғын үйдің құлап жатқан іргетасы жөнделді.

2012 жылы аудан бойынша тұрғын үйлерге 3 күрделі және 27 ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

ПИК төрағаларымен «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының өкілдерімен бірлесіп тұрғындарға «ТКШ модернизациясы» бағдарламасын түсіндіру бойынша жиналыстар жүргізіледі.

«Астана Құрылыс Сервис» ЖШС арнайы фирмасымен ақау актілері және сметалық есептер жасау үшін тұрғын үйлерге тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Әлеуметтік блоктағы мәселелер туралы

Аудан әкімдігінің жанында үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 3 бөлімшесі жұмыс істейді: 2 бөлімше үлкендерге және 1 бөлімше балаларға арналған. Қазіргі кезде балалар бөлімшесінде 70 балаға қызмет көрсетілуде. Әрбір балаға арнайы әлеуметтік көмек жеке көрсетіледі. Олар тұрақты негізде «Тұлпар» ипподромына барып тұрады. Сонымен қатар,  оларға қаланың көрнекті жерлерін  таныстыру мақсатында  экскурсия ұйымдастырылады. Жазғы мезгілде балалар ата-аналарымен және әлеуметтік қызметкерлермен  бірге «Бурабай» шипажайына демалысқа шығып тұрады.

Бөлімше балалары мереке күндері де назардан тыс қалмайды, олардың қатысуымен жиі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға сыйлықтар табысталады.

№ 65 мектеп-гимназиясы базасында ДЦП диагнозымен ауратын 1-сынып балаларын оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі кезде инклюзивті сыныптарда 4 бала білім алуда.

Әлеуметтік такси, яғни мүгедектерге арналған арбаларды көтеретін  арнайы көтергіштермен жабдықталған  шағынавтобустар,  мәселесі де шешілді, ол өз еркімен жүре алмайтын және де мектептен өте алыс жерде тұратын балаларды оқу процесіне қатыстыруға мүмкіндік береді. Көлікпен тасу сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асады. Шағынавтобустар балаларды кіреберісі пандуспен жабдықталған мектеп ғимаратына дейін апарып, онда балаларды қастарында жүретін тәрбиешілер қарсы алады. Оқушыларды қайтарда шағынавтобус үйінің кіреберісіне дейін жеткізеді. Осындай жағдай ата-аналарға балаларын жұмысқа орналастыруға және қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.  

Осындай мақсатты бағытталған жұмыс отбасы жағдайы аз қамтылғандарды, жалғыз бастыларды, қарттарды, мүгедектерді, көп балалы отбасылар және жетім балаларды  әлеуметтік қолдау саласында жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан ардагерлеріде назардан тыс қалмайды. Есептік кезеңде Аудандық ардагерлер кеңесінің есебінде 15 800-ге жуық  зейнеткер тұр. Олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылып тұрады.   

Ауданның білім беру объектілері де тұрақты көңіл бөлініп тұрады, қазіргі кезде 31 мектепке дейінгі мекеме, 41 мектеп, 18 кәсіби-техникалық білім беру ұйымы бар. Кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарындағы  негізгі бағыт жұмыс және техникалық мамандықтарға арналған.

Денсаулық сақтау саласында 19 аурухана және емхана, тұрғын алаптарында 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория  бар.

Ауданда жеке кәсіпкерлік пен шағын бизнес белсенді дамып, қолдау көрсетілуде. Аудандағы  кәсіпкерліктің экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасау бизнес саласын кеңейтуге және қызмет түрлерін ұлғайтуға, сондай-ақ қосымша жұмыс оррныдарын құруға мүмкіндік береді. 

Бюджетке салықтық түсім ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша   38 413,9 млн. теңгені құрайды.

Азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында ең қажетті,  тұрақты негізде нарықтағы тұтынушылар себеті мен ауданның дүкендеріне кіретін тауарлардың топтары бойынша бағаларға мониторинг жүргізіледі. 

Кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп тұрады. Екінші деңгейлі банктердің, министрліктердің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен  әртүрлі акциялар мен оқыту семинарлары өткізіліп тұрады.

«Шапағат» коммуналдық базар аумағында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі апта сайын өткізіледі, онда өнімдер жеткізушілердің тікелей бағасы бойынша сатылады. Барлығы 65 жәрмеңке өткізіліп, жалпы сомасы 860 млн.теңгеден астам өнім сатылды. Сондай-ақ, Астана қаласында облыстардың мәдени күндері шеңберінде Орталық алаңда ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтті.

Аудан әкімі аппараты қызметінің негізгі бағытының бірі халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмысы болып табылады.

2011 жылдың басынан бастап «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Елбасының Қазақстан халқына жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша ауданның кәсіпкерлері мен ұйымдарының еңбек ұжымдарымен    215 ақпараттық-насихат кездесу өткізілген болатын.

Сонымен қатар,  Астана қаласының Республикалық ақпараттық-насихаттау тобымен  14 көшпелі кездесу өтті. 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша мақсатты жұмыс жүзеге асырылуда.  Аудан әкімінің аппараты мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасы «дөңгелек үстел», семинарлар, мәдени іс-шаралар өткізу, сондай-ақ оларды бірлесіп ұйымдастыру арқылы құрылуда. 

 «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін аудан аумағындағы діни жағдайларды зерделеу және талдау жасау мақсатында ауданның құзыретті органдарымен бірлесіп діни бірлестіктерге бақылау жасалып тұрады.  

Қазақстан Республикасының Діни істері жөніндегі агенттіктің өкілдерімен «Аудандағы діни жағдайлар туралы» тақырыбына семинар өткізіледі. ҰҚК, прокуратура, ІІД және Астана қаласының діни және психологиялық оңалту проблемаларын зерттеу орталығымен бірлесіп экстермизм және терроризм мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Мемлекеттік және атаулы күндерді атап өтуде тыс қалып жатқан жоқ. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар, мерекелік концерттер, конкурстар өткізуде. Ауданда орналасқан объектілерді мерекелік безендіруге көп назар бөлінеді. Жалпы айтқанда өткен жылы 43 мәдени-бұқаралық іс-шара өтті.

Елордада шеткері аймақтар болмайды. Тұрғын алабтары қаланың ажырағысыз бөлігі болып табылады, осыған орай астаналық тұрғындарға арналғаны, «Көктал», «Өндіріс» т.а. тұрғындарына да қол жетімді болу тиіс. Әрине, бірден барлығын істеу мүмкін емес, бұл көп уақыт талап етеді.

Ерекше алаңдаушылық тұрғын алабтарын жолаушы көлікпен қамту. Түпкі аялдамадан таңның 06.00 сағатынан бастап ең төмен қозғалыс межелдемесі 10 минуттан аспайтын автобустар жүретіндігі қажет. Атап өтетіндігі, аталған уақытта түпкі аялдамада пайдалы тиеуі 30 адамнан аспайтын бір автобус болады. 2-3 аялдаманы өтіп, жолаушылардың барлығын сыйғызалмай, 30-40 минуттай келесiні күтуге дәл келедi. Ұқсас ахуал 18.00-ден 20.00 сағатқа дейiн аралығында болады. тасушылар кешкi сағаттарда маршруттарды автобуспен барынша қамтамасыз етуі қажет.

Бұдан басқа, № 24 маршрут 200 адамнан астам дәурен сүрген № 39 разъездіне дейiн жетпейдi. Бұл жолдың «Автоматика» т.а. бастап түпкi аялдамаға дейiн жөндеуiн өткiзуге қажеттiлiкке байланысты.

Толық көлемде тұрғын алабы iшiндегі жолдардың мәселесі шешiмiн таппаған. Салынған жолдар бойындағы жүргінші тротуарлары, отырғыштары, көшедегi жарық, сонымен бiрге көгалдандыру қажет.

Тұрғынға лайықты тұру үшiн қызметтердiң қарапайым түрлерi, сондай-ақ, кинотеатрлар, медициналық мекемелер, азық-түлiк және азық-түлiк емес тобының тауарлары дүкендер желiлерi, әлеуметтік-мәдени және тұрмыс-салттың объекттерiнiң және бос уақыт орталықтарының, қажеттi екенi құпия емес. Тұрғынға бұл мүмкiндiктiң бар болуы өз қажеттiктерiн қанағаттандырып, өз уақытын үнемдеп, қалаға шығу үшін шығындарды жұмсамайды.

Мемлекет Басшысының «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының бас векторы» жолдауын орындау мақсатында тұрғын алабтарындағы кәсiпкерлiктi дамытуы, жергiлiктi маңызы бар тауарларының шығарылымы бойынша кәсiпорындарды, шағын цехтар және тағы басқаларды құру арқылы оқыту мен жұмысқа тұруда жәрдемдесу тиімді жүйесін құру. Бұл тұрғын алабтарының халықтың жұмыспен қамтылуының мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi.

Тұрғындармен керi байланыс Астана қаласы маслихаты депутаттары жұмысының призмасы арқылы үнемi жетiлдiріледі. Осылай, аудан әкімінің бас инспекторлары орналасатын ғимараттарында депутаттардың қоғамдық қабылдау ұйымдастырылған. Олардың белсендi жұмысы және сайлаушылардың тілектерін қалыптастыруы біздің жұмысымызды жақсартуға мүмкiндiк бередi.

Астана қаласы 13 жылдан астам Отанымыздың Елордасы болып табылады. Осы қаланың тұрғындары ретінде оған үлкен жауапкершiлiктi алып жүретiн бiз. Бізден басқа кім оны аялап, қадағалап, тұру үшiн жайлы жағдай жасайды? Бұл барлығымыздың және қала тұрғындардың әрқайсының міндеті. Әрбiр қоғамға жат мiнез-құлықтың әр түрлi көріністеріне лайықсыздықпен жете түсiнуi керек. Ретсіздікке селқос жақтық байқаушы болу мүмкiн емес. Бiздiң қаланы сақтап және қамқорлық жасап жүруіміз керек. Жаңа астаналық ойлауды және мiнез-құлық құрастыру үшiн барлық шарт құруымыз керек. Бiздiң аса маңызды мақсатымыз астаналық тұрғынның әлпетiн жасау. Бұл мектеп қабырғасынан, ең бастысы жанұяның iшкi тәрбиемен жетуге болады.

Жыл басынан  аудан әкімшілігі елордамыз дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын  белгілеп және де жедел  мәселелерді шешуге тырысты.

Алдағы уақытта да жұмыс осы тарапта жалғастырылады.