21.04.17

Құрметті су-кәріздік қызметтің тұтынушылары!

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суық суға арналған тарифтерді қайта қарау және оны үнемдеу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге қатысты тапсырмаларын орындау үшін барлық абоненттерді есепке алу аспаптарымен 100 % қамту жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.

Суды үнемдеу мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне жатады. «Астана су арнасы»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тұтынушыларды суды үнемді пайдалануғаынталандырады. Осыған орай, Астана қаласы тұрғындарының жеке есепке алу аспаптарын орнату бойынша шаралар қолға алынды. Ең алдымен суды есепке алу аспаптары-  тұтынушыларға көрсетілетінқызметтің құралы болып табылады.  Есепке алу аспаптары орнатылса, тұтынушы нақты пайдаланған қызмет үшін төлейді, яғни төлем - норма бойынша емес, есепке алу аспабының көрсеткішімен есептеледі. Қазіргі таңда әр түрлі есепке алу аспаптары шығарылады. Оларды қолайлы бағамен алуға болады. Әдетте су үнемдеудің арқасында есепке алу құралын сатып алу мен орнатудың шығындары  бірінші тоқсанда-ақ орын толтырады.Тұтынушы - суды есепке алу аспаптарын орнату арқылы тек өзін ғана емес, үй ішін де суды үнемді пайдалануға үйретеді. Сіздің табиғатқа деген аз ғана көмегіңіз қаражатыңыздың үнемделуіне септігін тигізеді.

         Сонымен қатар ҚР 2012 жылғы 13 қаңтардағы №541-ІV «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» заңына сәйкес энергия өндірушісі мен тұтынушы жоғарыда аталған заңға сәйкес энергия үнемдеу бойынша  шара қолдануы қажет екендігін хабарлаймыз.

         «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы міндетті. 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген Суменжабдықтау және су бұру қызмет көрсетулерін ұсынуға арналған Үлгі шарттың 20-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «Тұтынушыда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы және ұсынылған қызметтерді көрсету үшiн уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге міндетті».

         Іс жүзінде және көп жағдайдажеке есепке алу құралы жоқ пәтерлерде шот-түбіртекте көрсетілген адам санынан әлдеқайда көп адам тұрады. Жеке есепке алу құралын орнатудан бас тартатынтұтынушылар -«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының міндетті түрде болуын талап ететіншартын бұзып отыр.

         Жеке есепке алу құралының мәселесі  бойынша анықтама үшін Сізге«Астана су арнасы» МКК келесі мекенжай бойынша орналасқан абоненттік учаскелеріне жүгінуіңізге болады:Циолковский көшесі, 1; Бөгенбай батыр даңғылы, 50 (20); Қажымұқан көшесі 8/1 (2 ықшамаудан, 6 үй); Сауран көшесі, 7 Г; Абай даңғылы, 45 (тел.:37 69 02, 37 50 75, 37 50 52, 37 50 07, Call –орталық 1302, 270370). Жұмыс күндері жұмыс істеу уақыты:сағат 9.00-19.00 дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-14:00 дейін; сенбі күні сағат 9.00-15.00 дейін; жексенбі – демалыс.