01.03.17

Құрметті «Сарыарқа» ауданының тұрғындары!

Сіздерді алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Осы жылы елімізде екінші рет алғыс айту күні аталып өтуде!

Алғыс айту – істелген жақсылыққа ықыласын білдіру, көңіл бөлу және іске көмек көрсету.

Сонымен қатар, ауданымыздың тұрғындарына, қазыналы қарттарымызға және белсенді жастарымызға ауданның қоғамдық өміріне атсалысып жүргені үшін үлкен алғысымызды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, биік белестерден көріне берулеріңізге  тілектеспін!

 Астана қаласы

«Сарыарқа» ауданының әкімі                                           А. Турлубек