07.02.17

«Сарыарқа» ауданы әкімінің халықпен соңғы есеп беру кездесуі

Бүгін Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Турлубектің халықпен жетінші, яғны соңғы есеп беру кездесуі өтті. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өткен кездесуге Республика, Жеңіс, Абай, Сарыарқа даңғылдары мен Сейфуллина, Бигелдинов, 187, 188 көшелерінің тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі өткен жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 800 млн. теңгеден астам қаражатқа 38 тұрғын үй жөндеуден өтіп, 15 лифт қондырғылары ауыстырылғанын айтып кетті.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары әлеуметтік-экономикалық даму бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстарды саралап, 2017 жылға қойылған басты міндеттермен танысты.

Талқылау барысында тұрғындар тарапынан жол инфрақұрылымы, кәсіпкерлік қызмет, тұрғын үй кешендерің жылыту мен сумен қамту бойынша бірқатар мәселелер көтерілді.

Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаев, Маслихат депутатты С.Н. Батпенов, сонымен қатар, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және БАҚ-ның өкілдері қатысты. Астана қаласы және «Сарыарқа» ауданы әкімдіктерінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтарында аталған кездесудің толық видеонұсқасы жарияланды.