06.02.17

«Сарыарқа» ауданы әкімінің халықпен кезекті есеп беру кездесуі

2017 жылғы 6 ақпанда Политехникалық коллеждің ғимаратында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Турлубектің халықпен кезекті есеп беру кездесуі өтті. Мәскеу, Әуезов, Жангелдин көшелері мен Жеңіс даңғылында тұраратын аудан тұрғындары «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының 2016 жылы атқарған жұмысымен танысып, 2017 жылғы жоспарларын қарастырды.

Есептік кездесуде тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу, зейнеткерлерге арналған орталықтарды ұйымдастыру, тұрғын үй кешендері мен жатақханаларды абаттандыру, автобус бағыттарын өзгерту, жастардың жұмыстарын қолдау туралы мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі Арман Турлубек ЖОО мен колледж студенттеріне кәсіби бағдарын анықтауға көмектесу үшін «Сарыарқа» ауданы әкімдігінде Дублер күнін өтетіндігін мәлімдеді. Аталған іс-шара барысында кез келген студент бір күн бойы әкімдік қызметкерінің, жетекшінің және аудан әкімінің орнында жұмыс жасай алады.

Кездесуге Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектурова, Маслихат депутаттары М.З. Шайдаров, Г.А. Данбаева, сонымен қатар, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және БАҚ-ның өкілдері қатысты. «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Турлубектің келесі халықпен есеп беру кездесуі 7 ақпан сағат 15:00-де М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында (Бейбітшілік көшесі,39) өтеді.