03.02.17

«Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Турлубектің халықпен бесінші есеп беру кездесуі

Бүгін №60 мектеп-гимназиясының ғимаратында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Турлубектің халықпен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Күмісбеков, Сейфуллин, Щорса көшелерінің және Бөгенбай батыр мен Сарыарқа даңғылдарың тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. «Сарыарқа» ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімі 237 млрд. теңге құрағанын және оның 46,5 млрд. теңгесі жергілікті бюджетке түскенін мәлімдеді. Сонымен қоса, аудан тұрғындарың 2017 жылға арналған жоспармен таныстырды.

Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыға, тұрғын үй мен аулаларды абаттандыруға, гараждарды бұзуға, көшелерді жарықтандыруға қатысты әртүрлі сұрақтар қойылды.

Аталған іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Аманшаев, Маслихат депутаты З.Ғ. Жусупова, сонымен қатар, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

«Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Турлубектің келесі халықпен есеп беру кездесуі 6 ақпан сағат 15:00-де Астана қаласы политехникалық колледжінің ғимаратында (Бейбітшілік көшесі,39) өтеді.