03.02.17

Хоккейден Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының турнирі

2017 жылғы 3 ақпанда жасөспірімдер арасында хоккейден Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының турнирі өтті. Жарысқа Астана қаласындағы хоккей клубтарының 10-14 жас аралығындағы спортшылары қатысты.

«Сарыарқа» ауданындағы қоғамдық мұз алаңында ойнаған жас хоккейшілер тартысты және қызықты ойын көрсетті. Айналма жүйесінің ережесіне сәйкес, командалар өзара кездесулер өткізді.

Турнир қорытындысы бойынша, 1 орынды «Чикаго» командасы, 2 орынды «Питсбург» командасы, ал 3 орынды «СКА» аулалық командасының ойыншылары иеленді. Ұздік шабуылшы ретінде №31 мектеп-гимназиясының оқушысы Абдималик Сапитов тынылды. №22 мектеп-гимназиясында оқитын Артем Уразбаев қорғаныста мықты ойын көрсетті. Ал №35 мектеп-лицейнің оқушысы Даниил Кудимов үздік қақпашы ретінде көзге түсті.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен және дипломдармен марапатталып, естелік сый-сияпаттарға ие болды.

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімдігі ұйымдастырған іс-шара өскелең ұрпақ арасында бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға көзделген.