Құрметті «Астана – Сарыарқадан бастау алды» сайтына кірушілер! Қазіргі уақытта Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімдігі аппаратының ресми сайтын жаңарту процесі жүргізілуде. Портал техникалық режимде жұмыс істейді. Сайтты қазақ және ағылшын тілдерінде іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сайттың жұмыс істеуі бойынша қандай да бір қателіктер немесе сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша техникалық қолдауға жүгінулеріңізді сұраймыз: +7 701 766 29 36, +7 707 766 29 36, duisembievak@mail.ru . Уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз.

ӨТІНІШ БЕРУ

Құрметті «Сарыарқа» ауданының тұрғындары!


Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ресми ғаламтор-ресурсы болып табылатын «Сарыарқа» порталына қош келдіңіздер!

«Сарыарқа» порталы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен аудан келбетін халықпен ашық және тиімді өзара әрекеттестік арқылы жақсарту мақсатында дайындалған.

Біздің міндетіміз, порталды барынша пайдалы ғана емес, пайдаланушыларды қатыстырудың интерактивті формаларын қолдану арқылы қызықты етіп әзірлеу, ол біздің тұрғындардың белсенділігін бағалау рейтинг жүйесінен көрініс табады.

Тұжырымдамаға сәйкес, «Сарыарқа» порталы аудан тұрғындары үшін барлық қажетті ақпараттың көзіне айналады. Аудан әкімі аппаратының қызметі туралы жалпы деректерден, аудан өмірі туралы пайдалы ақпарат және қызықты жаңалықтардан бастап, біздің жұмысымызды реттейтін заң нормаларына дейін қамтылады.

Заманауи портал әр тұрғынға Сіз бен біздің ауданымызды басқару үдерісінің белсенді қатысушысына айналуға мүмкіндік береді. Енді ғаламтор-ресурс арқылы тұрғындар қиыншылықтары туралы хабарлап қана қоймайды, өзекті мәселелерді талқылау мен шешімін табуға тікелей қатысып, аудан аулалары мен көшелерінің, жарықтандыру, аумақты абаттандыру және басқа да көптеген жағдайларды бақылай алады.

Мемлекеттік мекемелер мен аудан тұрғындарының өзара әрекеттестігіне жаңа механизмдер мен құралдарды енгізу алдында біз бірінші кезекте өзіміздің ойлауымызды және психологиямызды өзгерттік. Бұрын мемлекеттік органдарға жиі жүгінгендерді «арызқойлар» деп атаған болса, қазіргі кезде біз үшін мұндай ұғым жоқ, бүгінгі күні біз бірге жұмыс жасаймыз!

Қазіргі уақытты біздің барлық тұрғындарымыз – ресми сайттың, әлеуметтік желілердің пайдаланушылары және сұхбат алаңдарының қатысушылары, біздің кеңесшілеріміз болып табылады! Белсенді тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерінің нәтижесінде бізге аудан үшін аса маңызды мәселелердің шешімін табу мүмкін болды.

Біз күш біріктіргенде ғана ауданымызды ең көрікті, жайлы және жағдайлы ете аламыз!

Құрметпен,

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі

Арман Турлубек

Өтініш беру үшін Сізге авторлану немесе тіркелу қажет

Пайдаланушы аты немесе Email

Пароль:


Тіркелу
Парольды ұмыттыңыз ба?

0

Барлық пайдаланушылар

0

Шешімін тапқан мәселелер

0

Барлық түсіндірмелер

0

Барлық өтініштер

ЕҢ 5 БЕЛСЕНДІ ТҰРҒЫНДАР