Құрметті сайт қонақтары!

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ресми сайтына қош келдіңіздер деймін!
Біздің сайт торабында Сіздер аудан әкімі аппаратының жұмысы туралы, ауданда орналасқан денсаулық сақтау мен білім мекемелерінің, пәтер иелері кооперативінің және үкіметтік емес ұйымдарының байланыс мәліметтерін, сонымен қатар ауданда ұйымдастырылған іс-шаралар туралы, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері мен олардың құзіретіне кіретін барлық ақпараттарды табасыздар. Сондай-ақ, өздеріңізді толғандыратын сауалдарыңызды жолдап, оған қысқа мерзімде жауап ала аласыздар.Баршаңызға біздің ресми сайт барлық қажетті әрі өзекті мағлұматтарды ұсынатын ақпарат көзіне айналады деп үміттенеміз.
Ізгі ниетпен, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Ермек Оспанов
11.05.12
«Сарыарқа» ауданы әкімі Ермек Оспановпен бітіруші түлектер кешінің ұйымдастырылу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жиналысы

2012 жылдың 11 мамырында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі Ермек Оспановпен ауданда орналасқан мектептердің директорларымен және ата-аналар комитетінің төрағаларымен бітіруші түлектер кешінің ұйымдастырылу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналысқа ауданның прокуратурасы, Ішкі істер басқармасы, Астана қаласының Білім, Денсаулық сақтау басқармалары, өртке қарсы қауіпсіздігі қызметі, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері шақырылған болатын.
10.05.12
Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімімен азаматтарды жеке қабылдауы

Ағымдағы жылдың 10 мамырында «Сарыарқа» ауданының әкімі Ермек Оспановпен «Нұр Отан» ХДП АҚФ партиялық комиссиясының төрағасы Д.Р. Рахметуллин, «Нұр Отан» ХДП АҚФ партиялық комиссиясының инспекторы М.С. Есенов, Астана қаласының мәслихат депутаты, №2 қалалық балалар ауруханасының дәрігері К.К. Құлмуқанов, Астана қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменті бастығы (Қаржы полициясы) Е.М. Рахимбеков, «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасарлары Р.А. Акчурин, Р.У. Тұрдыбеков, Т.О. Ахметов және «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының басшысы С.О. Нұрғожинамен бірлесіп 13 азаматтың жеке қабылдауы өткізілді.
09.05.12
Ардақты ардагерлер!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 67 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Барлығымыз үшін осынау ерлік пен елдіктің даңқын асырған Ұлы мереке қашанда қасиетті де қастерлі сезімге толы.
Өйткені, бұл күн – майдан мен тылда күні-түні жеңіс үшін жанқиярлықпен арпалысқан аналарымыз бен әкелеріміздің, бүкіл әлемге қаһармандық пен қайсарлықтың үлгісін паш еткен аға ұрпақ өкілдерінің күні.
Әрқайсымыз Сіздердің жасаған ерліктеріңіздің алдында бас иеміз.
Шапағатқа толы осы көктем мейрамында Сіздерге қуаныш пен шаттық, деніңізге саулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін.
Мереке құтты болғай!
Ізгі ниетпен, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Ермек Оспанов
07.05.12
Ел есінде

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 7 мамырында Жеңіс даңғылында орналасқан Ұлы Отан Соғысына қатысқан жауынгерлердің ескерткішінің алдында «Ел есінде» тақырыбында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараны жиналған қауым сұрапыл соғыстан оралмаған жауынгерлерге құрмет көрсету үшін бір минуттық үнсіздікпен еске алып бастады. Аудан әкімі Ермек Оспанов пен бір топ соғыс ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, сондай-ақ қатысушылар назарына Политехникалық колледж студенттерінің майдан тақырыбына арналған театрландырылған көрінісі ұсынылды.
07.05.12
Ер ерлігі ел есінде
Ағымдағы жылдың 7 мамырында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырылуымен Әлия Молдағұлованың мемориалды кешенінің алдында Жеңіс күніне арналған дәстүрлі мерекелік іс-шара өткізілді.
«Сарыарқа» ауданының әкімі Ермек Оспанов пен соғыс ардагерлері Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен Ұлы Отан Соғысында қаза тапқандарды еске алды.
05.05.12
Ер есімі - ел есінде
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлері, студенттер, мектеп оқушылары, «Сарыарқа» ауданының қоғамшылдары «Көктал» тұрғын алабындағы Ұлы Отан соғысында қайтқандарға арналған мемориалдық барельефке Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі Ермек Оспановтың қатысуымен гүл шоқтарын қойды.
05.05.12
Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын!
Бұл – барша қазақстандықтардың отандық патриотизм сезімін серпілтетін, туған елдің тыныштығы мен бейбітшілігін қорғайтын әскерилер үшін кеудені мақтаныш кернейтін мәртебелі мерекеміз.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, мол табыстар тілеймін.
Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Ермек Оспанов
04.05.12
Мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар
Ағымдағы жылдың 4 мамырында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының басшысы Сәуле Ордабайқызы Нұрғожина төрағалық етуімен семинар өткізілді.
Семинарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары Маржан Құтыбайқызы Жиенбаева қатысып, күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексіннің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін) негізгі қағидалары туралы мәлімдеме жасаған.
28.04.12
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бейбітшілік, тұрақтылық және ұлтаралық келісім біздің мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады.
Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!
Осы мерейлі мейрамда баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ пен береке тілеймін.
Ізгі ниетпен, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Ермек Оспанов
28.04.12
Хабарландыру
«Астана – Теплотранзит» АҚ 2012 жылғы 3 мамырында жылу магистральдарының тығыздылыққа сынауын өткізуге байланысты қаланың келесі аудандарында: Қажымұқан, Жұмабаев даңғылы, Абылайхан даңғылы, Жирентаев, Петров, Күйші Дина, Момышұлы, Мақтұмқұлы, Манас, Рысқұлбеков, Мұстафин, Құдайбердіұлы, Мүсірепов, Майлин көшелеріне ыстық судың берілуі тоқтатылатынын хабарлайды.
Берілген ұйғарымға сәйкес кәсіпорын мен ұйым басшылары, ПИК және ТК төрағалары осы кезеңде ыстық сумен қамтуды істен ажыратып, қызметкерлер құрамының кезекшілігін ұйымдастырулары қажет. Жылу торабындағы барлық жұмыстар тоқтатылуы тиіс.
Анықтама алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 77-12-00, 77-12-11, 77-12-16, 79-21-60.